Талдыкорған қаласында учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен профилактикалық жұмысты күшейтуде

    Талдыкорған қаласында учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен профилактикалық жұмысты күшейтуде

    Талдықорған қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары күнделікті өздерінің әкімшілік аумақтарында тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.

    Кезекті профилактикалық іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған азаматтар тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының иелері мен мал ұстаушыларға малды қараусыз жібермеу, жайылымға бақылаусыз шығармау қажеттігі түсіндірілді. Бұл шаралар мал ұрлығының алдын алуға және жол-көлік оқиғаларының қаупін төмендетуге бағытталған.

    Сондай-ақ, сауда орындарының иелеріне алкоголь өнімдерін заңнамада белгіленген уақытта ғана сату қажеттігі ескертіліп, түнгі уақытта алкоголь өнімдерін өткізуге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары