Трихофитияның алдын алу бойынша семинар өткізілді

    ·
    Трихофитияның алдын алу бойынша семинар өткізілді

    2026 жылғы 24 маусымда Қарағанды өңірінің көлік қызметкерлері арасында трихофития ауруының тіркелуіне байланысты жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық тергеу аясында Қарағанды бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қарағанды магистралдық желі бөлімшесі» филиалының Ақадыр жол дистанциясы (ПЧ-26, Мойынты станциясы) қызметкерлерімен «сұрақ-жауап-пікірталас» форматында семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің гигиеналық сауаттылығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу. Семинар барысында трихофитияның жұғу жолдары, негізгі белгілері, диагностикасы, емдеу және алдын алу шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ жеке гигиенаны сақтау мен науқастарды уақтылы анықтаудың маңыздылығы айтылды. Қатысушыларға трихофития мен басқа да саңырауқұлақ ауруларының, туберкулездің алдын алу және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратылды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары