Көкшетауда полицейлер екі апта бұрын жоғалып кеткен екі кәмелетке толмаған баланың анасын іздеуде

    ·
    Көкшетауда полицейлер екі апта бұрын жоғалып кеткен екі кәмелетке толмаған баланың анасын іздеуде

    Полиция қызметкерлері Ақмола облысының тұрғындары мен өңір қонақтарына 1978 жылы туған Көкшетау қаласының хабар-ошарсыз кеткен тұрғыны Марал Құттыбайқызы Әбуованы іздестіруге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінеді.
    Полицейлердің анықтамасы бойынша, ағымдағы жылдың 12 маусымында әйел үйден белгісіз бағытта шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Туыстарымен де байланысқа шықпайды. Үйде оны жұбайы мен екі кәмелетке толмаған баласы күтіп отыр.
    Іздеудегі адамның белгілері: бойы шамамен 170 см, дене бітімі арық, шашы қара, көздері қоңыр. Жоғалып кеткен күні үстінде сарғыш түсті көйлек болды.
    Өтініш түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізу үстінде. Бейнебақылау камераларынан жазбалар тексерілді, туыстары, таныстары және ықтимал куәгерлері сұралды, келіп түскен барлық мәліметтер пысықталды.
    Алдын ала ақпарат бойынша, іздеуде жүрген әйелге ұқсас әйел Бурабай курорттық аймағының аумағында болған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері курорт тұрғындары мен қонақтарынан мұқият болуды сұрайды.
    Егер сіз Абуова Марал Құттыбайқызының орналасқан жерін білсеңіз немесе белгілері бойынша ұқсас әйелді көрген болсаңыз, бұл туралы 102 телефоны немесе жақын жердегі полиция бөліміне дереу хабарлауыңызды өтінеміз. Кез келген ақпарат оның орналасқан жерін анықтау үшін маңызды болуы мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары