
1 шілде домбыра күніне орай Алмалы ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен
«Ұлттық домбыра – ұлт мұрасы» атты тақырыпта танымдық сағат өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға домбыраның пайда болу тарихы, белгілі күйші-композиторлардың шығармашылығы туралы мәліметтер берілді.
Кітап көрмесі ұйымдастырылып, домбыра өнері мен қазақтың күйшілік дәстүріне арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Қатысушылар ұлттық өнер туралы сұрақтарға жауап беріп, танымдық викторинаға белсенді қатысты. Домбырада күйлер орындалып, қазақтың ұлттық өнері насихатталды.
Танымдық сағат соңында қатысушылар ұлттық мұрамыз – домбыраны қастерлеу, күй өнерін кейінгі ұрпаққа жеткізу әрбір азаматтың парызы екені жөнінде ой бөлісті. Шара ұлттық рухты көтеріп, жастардың халқымыздың мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттырды.









