
Жанболат Дартаевты қазақ күресінен өткен облыстық жарыста жүлделі ІІ- орынға ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – табанды еңбектің, қайсар мінездің, мақсатқа деген ұмтылыстың, темірдей тәртіптің және спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі.
Жеткен жетістігіңізбен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіңізге тілектеспіз. Деніңізге саулық, қажымас қайрат, өз күшіңізге деген сенім және жақындарыңыздың қолдауы әрдайым серік болсын.
Алдағы уақытта да жарқын жеңіс, жоғары жетістік, толағай табыс пен чемпиондық атақтар көп болсын! Жетістігіңізді мақтан тұтамыз және алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көріне беруіңізге, барлық мақсат-мұратыңыздың орындалуына шын жүректен тілектеспіз!









