Сіздерге 2026жылдың 15шілдесіне дейін «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниетті үміткерлерден өтінімдер қабылданатынын хабарлаймыз.
Конкурстың өңірлік кезеңіне мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:
1)Үздік еңбек әулеті– бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.
Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын(ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның(қаланың, облыстың)қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;
2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері– бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
3) Өндірістің үздік жас маманы– бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
Конкурсқа қатысушылар "Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:
Барболған жағдайда(келесі құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың,грамоталардың,алғысхаттардың көшірмелері
біліктілікті арттыру туралы сертификаттар(барболса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады
Конкурсқа құжаттар2026 жылдың15 шілдесіне дейін қабылданады және[email protected]электрондық мекен-жайына жолдауыңызға болады.
Қосымша сұрақтар бойынша8/7282/329261немесе8707 898 32 80 байланыснөмірлері арқылы біле аласыздар.
Үміткерлерге сәттілік тілейміз!






