9 Мамыр - Ұлы Жеңіс күні

    9 Мамыр - Ұлы Жеңіс күні

    9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Ақжол ауылында Ардагерлер гүлбағында Ұлы Отан соғысы құрбандарына гүл шоқтары қойылды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар және соғыстан қейін қайтыс болған ардагерлерге құрмет көрсетіліп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Ауыл әкімі К.М.Тусупов барша жиналған қауымды Жеңіс күнімен құттықтады. Соғыс ардагерлеріне арнап құран бағышталды. Ауылымыздың үлкендері де ізгі тілектерін білдірді.
    Кеңес Одағының батыры Мартбек Мамыраевтың ескерткішіне барып құрмет көрсетілді.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімі аппараты" жаңалықтары