
Аудан әкімі Серік Құдабай құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
Күн тәртібінде малды ұйымдасқан түрде жаюды ұйымдастыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын алу, көшедегі қылмыс деңгейін төмендету, көшелерде, көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде және басқа да қоғамдық орындарда бейнебақылау камераларының желісін кеңейту, бөтеннің мүлкін, оның ішінде мал ұрлығын болдырмау, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық құқық бұзушылықтардың, соның ішінде абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерінің алдын алу, сондай-ақ мотокөлік құралдарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мотокөлік құралдарын тіркеу мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған тиісті шешімдер қабылданып, жауапты мемлекеттік органдар мен қызметтерге нақты тапсырмалар берілді.









