
Қарсы бағыттағы жолаққа шығу – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың ең қауіпті түрлерінің бірі және көбінесе ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларының себебі болып табылады.
Жол-көлік оқиғалары мен жарақаттану деңгейін төмендетуге және олардың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың жүргізілуіне қарамастан, кейбір жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзуды жалғастыруда.
– Мәселен, Астана – Щидерті автожолында полиция қызметкерлері қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққан Toyota автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Өрескел құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бақибай Ахмедьянов.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады. Өйткені қауіпсіздік – әрбір жол қозғалысына қатысушыға байланысты.









