
Аудан әкімдігінде аудан әкімі Жанболат Жидехановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша бірлескен комиссия отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов және Полиция подполковнигі, Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айгүл Ахметова онлайн режимде қосылды.
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу мәселелері қаралды. Жауапты сала өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Аудан әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытындағы жұмыстар жүйелі әрі нақты нәтижеге бағытталып жүргізілуі қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде ашықтық, жауапкершілік және заңдылық қағидаттарын сақтау маңызды екені айтылды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына алдын алу шараларын күшейту, түсіндіру жұмыстарын жалғастыру және көтерілген мәселелерді бақылауда ұстау қажеттігі жеткізілді









