
Мотоцикл маусымының басталуымен мотоциклдің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны едәуір артады. Полицейлер мотоцикл көліктің ең қауіпті түрлерінің бірі екенін еске салады. Тіпті кішігірім соқтығысу кезінде де жүргізушінің сенімді қорғанысының болмауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
27 маусымда сағат 06:15 шамасында "Заречное-Елікті" автожолының 2-ші шақырымында КамАЗ автокөлігі мен LTM мотоциклінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан 2008 жылы туған мотоцикл жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Мотоцикл жүргізушілері қауіпсіз жылдамдықты таңдауы, қорғаныс құралдарын қолдануы, қауіпті маневрлерден аулақ болуы және жолда өте мұқият болуы керек. Сондай-ақ, автокөлік жүргізушілерінен сергек болуды, артқы көрініс айналарына жиі қарауды және маневр жасау кезінде мотоцикл жүргізушілерінің пайда болуын ескеруді сұрайды.









