Көкбастау ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық кездесу өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Көкбастау ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық кездесу өтті

    2026 жылдың 22 маусым күні Теріс ауылдық клубында округ тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу жолдарын түсіндіруге арналған кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен цифрлық форматтағы мүмкіндіктерді кеңінен таныстыру, электронды үкімет жүйесін белсенді қолдануға шақыру.

    Кездесу барысында «Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін 6 мемлекеттік қызмет түрі бойынша толық ақпарат берілді:

    1.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

    2.Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

    3.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;

    4.Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

    5.Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

    6.Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.

    Шара соңында тұрғындарға электронды үкімет порталы (eGov.kz), eGov mobile қосымшасы арқылы қызметтерді қалай алу керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нақты сұрақтарға жауап берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар