Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында Арал ауданының Қамыстыбас және Қазалы ауданының Жанқожа батыр ауылдық округтерінде салынған өрт сөндіру пункттерінің ашылу рәсіміне қатысты.
«Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасының мақсаты – өртке қарсы қызметі жоқ шалғай елді мекендерде жедел және тиімді көмек жүйесін құру. Табиғи жағдайлар мен қашықтықты ескере отырып, тұрғындардың қауіпсіздігіне уақытылы ден қою өте маңызды. Бүгінде осы бағдарлама шеңберінде аймақта 35 бекет салынған.
Рәсімде Шыңғыс Әрінов сөз сөйледі. Әрі қарай облыс әкімінің орынбасары төтенше жағдайлардың алдын алудағы, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өрт сөндіру бекеттерінің маңыздылығына тоқталды.
«Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің тапсырмасымен азаматтық қорғау саласын жетілдіруге, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейтуге, материалдық-техникалық базасы мен кадрлық әлеуетін арттыруға айрықша басымдық берілуде. Бүгін міне, Арал мен Қазалының Қамыстыбас, Жанқожа батыр ауылдарында өрт сөндіру пункттерін ашамыз.
Жалпы төтенше жағдайдың алдын алып, адам өмірін құтқару – жоғары әрі жауапты миссия. Елдің амандығы, қоғамның тыныштығы үшін өз өмірін қатерге тігу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Осы салада аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге барша Сыр жұртшылығының атынан зор алғысымды білдіремін! Бүгінгі жаңадан табыстағалы тұрған заманауи техникалар ел игілігіне қызмет ете берсін», – деді Бахыт Дүйсенұлы.
Салтанатты рәсімде өрт сөндіру бекетін ашуға атсалысқандар мен азаматтық қорғау саласында қажырлы еңбек еткен қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен және Төтенше жағдайлар министрлігінің наградаларымен марапатталды.
Ауылдық жерде төтенше жағдай болғанда алғашқы минуттар шешуші рөл атқарады. Бүгінде елімізде арнайы дайындықтан өткен еріктілерді біріктіретін «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункттері жұмыс істейді. Бұл – ТЖМ-нің кәсіби күштері келгенге дейін әрекет етіп, алғашқы шараларды қабылдайтын ауыл тұрғындары.
Еріктілерді іріктеу және дайындау белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі. Ведомстволық бағдарлама аясында теориялық және практикалық дайындықтан өтеді, өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді үйренеді.
Төтенше жағдай кезінде олар бірінші болып әрекет етеді, жағдайды бағалайды, өз мүмкіндіктері шегінде өртті оқшаулау шараларын жүргізеді, радиобайланыс арқылы ақпарат беріп, кәсіби өрт сөндірушілерді шақырады.
Өңірде 2023-2025 жылдары 2 млрд. теңгеден астам қаржыға 17 өрт сөндіру техникасы, 4 арнайы жабдықталған жеңіл автокөлік, 90 цифрлық радиобайланыс жүйесі, 50-ден астам арнайы құрал-жабдық алынды.
Биыл 2,8 млрд теңгеге 20 өрт сөндіру автокөлігі сатып алынады деп жоспарлануда. Жаңа техникалар алдағы уақытта ел игілігіне табысталады.
Қамыстыбас және Жанқожа батыр ауылдарында өрт сөндіру бекеттері ашылды
Ұқсас материалдар

Күзгі абаттандыру жұмыстары
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппараты"Ашу
Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппараты"АшуДенисов аудандық мәслихатының cегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы
Ашу
«БОРЫШКЕР» БІРЛЕСКЕН РЕЙДІК ІС-ШАРАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Шемонаиха ауданы: ГЭС құрылысы, АЖТ зауытын жаңғырту, туризмнің дамуы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіАшу
"Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары

Халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар марапатталды
Әйтеке би кенті әкімінің аппаратыАшу
Жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Әйтеке би кенті әкімінің аппаратыАшу
Жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды
Әйтеке би кенті әкімінің аппаратыАшу
«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде
Әйтеке би кенті әкімінің аппаратыАшу
Отбасы күні қарсаңындағы тағылымды кездесу
Әйтеке би кенті әкімінің аппаратыАшу