Құрметті Тайынша қаласының тұрғындары!

    ·

    Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиевтің Тайынша ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесуі: Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 3А мекенжай бойынша «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің СҚО Тайынша аудандық филиалының ғимаратында 2026 жылғы 12 маусымда сағат 12:00-де өтеді.

    Кездесу барысында әділет органдарының қызметіне қатысты өзекті мәселелерді шешу бойынша азаматтарды жеке қабылдау өткізілетін болады.

    Сіз жеке қабылдауда жүгіне алатын сұрақтар:

    • сот шешімдерінің орындалуы (алименттерді, берешектерді өндіріп алу, тыйым салуларды алып тастау);
    • нотариаттық және адвокаттық қызметтер көрсету;
    • жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды тіркеу;

    азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бойынша.

    Тұрғындары кездесуге қатысуға шақырамыз.

    Тайынша қаласы әкімінің аппараты

    Ұқсас материалдар