ХРОМТАУ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОҢ ӨСІМІ ҚАЛЫПТАСТЫ

    ХРОМТАУ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОҢ ӨСІМІ ҚАЛЫПТАСТЫ

    2026 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Хромтау ауданында барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты. Өнеркәсіп, инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында тұрақты даму қарқыны байқалады.

    Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 259,9 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 74,4 млрд теңгеге жетті.

    Құрылыс саласында 41,3 млрд теңгенің жұмысы атқарылып, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 5,6 мың шаршы метрді құрады.

    Сауда саласында да оң динамика сақталып отыр. Көтерме сауда көлемі 19,1 млрд теңге болса, бөлшек сауда көлемі 4,5 млрд теңгені құрады.

    Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6,3 млрд теңгеге жетті.

    Жалпы, аудан экономикасында тұрақты өсім қалыптасып, өңірдің даму қарқыны жоғары деңгейде сақталуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары