Шымкенттіктер есірткіге қарсы жұмылды: 1500 адам қаладағы наркограффитилерді жойды

    ·
    Шымкенттіктер есірткіге қарсы жұмылды: 1500 адам қаладағы наркограффитилерді жойды

    Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған айлық аясында «Шымкент – есірткісіз қала» атты кең ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырылды.


    Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен өткен іс-шараға 1500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері, еріктілер, студенттер, спортсмендер бар.

    Акцияның басты мақсаты – есірткінің заңсыз айналымының алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.


    Ауқымды шара барысында қаланың барлық ауданында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, есірткі құралдарын жарнамалайтын 300-ге жуық наркограффити анықталып, жойылды. Заңсыз интернет-ресурстар мен есірткі сатуға бағытталған жазулар қабырғалардан, қоршаулардан және қоғамдық орындардан өшірілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары