Қалтаева Қазақстандағы инклюзия және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелерімен 20 жылдан астам уақыт айналысып келеді.
Қазақстанның өкілі Ләззат Қалтаева 2027-2030 жылдарға БҰҰ мүгедектер құқығы жөніндегі комитетінің мүшесі болып сайланды. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға (CRPD) қатысушы мемлекеттер конференциясының 19-шы сессиясы шеңберінде өткен сайлауда ол 157 мемлекеттің қолдауына ие болып, барлық кандидаттар арасында үздік нәтиже көрсетті.
Қазақстан өкілімен бірге Комитет құрамына Армения, Бенин, Иордания, Қытай, Литва, Палау, Самоа және Эфиопиядан кандидаттар сайланды.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғаумен 20 жылдан астам уақыт айналысады
Ләззат Қалтаева инклюзия және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның танымал қоғам қайраткерлерінің бірі болып табылады.
2024 жылдың қазан айынан бастап ол Сенат Спикерінің кеңесшісі және ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзия кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Бұған дейін Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты және Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі болған.
Жиырма жылдан астам уақыт бойы Қалтаева "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы "қоғамдық бірлестігін басқарды, сондай-ақ Алматы қаласының мүгедектер ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып табылады.
Бұдан басқа, ол Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына кіреді.
БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитеті мемлекеттердің Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ережелерін орындауына мониторингті жүзеге асыратын және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын халықаралық деңгейде ілгерілетуге жәрдемдесетін тәуелсіз сараптама органы болып табылады.
БҰҰ комитетіне Ләззат Қалтаеваның кандидатурасын 55157 ел қолдады
Ұқсас материалдар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
АРДАГЕРЛЕР «ВАЛЬС КОРОЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
1 ҚАЗАН – ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ҚАЛА ӘКІМІ АТЫНАН ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"Байзақ ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Интернет – ойыншық емес: Бірлікке сызат түсірген үшін қандай жаза бар?
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
Байзақ ауданының әкімдігіАшуЕлімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Еңбек – мұратқа жеткізер!
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Қарақыстақтан басталған «жасыл» энергетика: Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуда
Байзақ ауданының әкімдігіАшу