Қызылордалық полицейлер студенттермен кездесті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қызылордалық полицейлер студенттермен кездесті

    Қызылорда қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қалалық прокуратура өкілдерімен бірлесіп, Қорқыт ата атындағы университет студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға дропперлік қылмыстың қоғамға тигізетін зияны мен құқықтық салдары түсіндірілді. Сонымен қатар, интернет-алаяқтардың қазіргі таңда қолданатын жаңа тәсілдері туралы ақпарат беріліп, алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары түсіндірілді. Шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және интернет кеңістігіндегі қылмыстардың алдын алу.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары