«Достық үйінде» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Сапарбаев тұлғасы» кітабының таныстырылымы өтті.
Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ағайын-туыс қатысты.
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың ел дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, оның мемлекеттік қызметтегі өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Әкімдер мектебі» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Сапарбаев тұлғасы» атты кітаптың тұсаукесері өткен болатын.
Бұл – елге қызмет етуді өмірлік мұратына айналдырған ардақты азаматтың өнегелі жолын бейнелейтін тағылымды туынды. Қарапайымдылық пен адамгершілікті, кісілік пен кішілікті, талапшылдық пен әділдікті бір бойына сыйдырған ардақты азаматтың есімі Тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріппен жазылды.
Уақыт оны арамыздан алыстатқанымен, рухани мұрасы ешқашан жоғалмайды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Басқосуда кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ел ағалары Самұрат Имандосов, Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов сөз сөйледі.
Бердібек Машбекұлы мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларында абыройлы еңбек етіп, сындарлы кезеңде халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары, Қызылорда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімі ретінде ел дамуына зор үлес қосты.
«Сапарбаев тұлғасы» – елге қызмет етудің өнегелі жолы
Ұқсас материалдар

Ақтөбеде жастарға арналған «Aqtobe Camp – 2026» облыстық жобасы өтті
Ашу
Алматыда жаңа ведомствоның жұмысы мен алдағы жоспарлары таныстырылды
Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы әлем чемпионы мәртебесінде елге оралды
ҚР ТСМАшу
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМ БАЛУАНДАР КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
ҚР ТСМАшу
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) бағдарламасы: 2 тамыз
ҚР ТСМАшу
"" жаңалықтары

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: қайтарылған активтер есебінен Қызылордада емхана салу үшін 6,5 млрд теңге бөлінді
АшуҚазалы ауданында тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді
АшуАУДАН ӘКІМІ АУЫЗ СУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
АшуҚамыстыбас және Жанқожа батыр ауылдарында өрт сөндіру бекеттері ашылды
Ашу