Inva.gov.kz порталында өз объектіңіздің қолжетімділігін 10 минутта бағалаңыз.

    ·
    Inva.gov.kz порталында өз объектіңіздің қолжетімділігін 10 минутта бағалаңыз.

    Құрметті кәсіпкерлер, объектілердің иелері мен басшылары!

    Сіздерге әлеуметтік, көліктік және коммерциялық инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін өз бетінше бағалауға арналған жаңа онлайн-құралдың іске қосылғаны туралы хабарлаймыз.

    Сіздерді Inva.gov.kz порталында қысқаша сауалнамадан өтуге шақырамыз.

    Артықшылықтары:• Жылдам аудит: сіз өз ғимаратыңыздың, дүкеніңіздің, дәріханаңыздың немесе кеңсеңіздің мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектелген азаматтар үшін қаншалықты ыңғайлы екенін өз бетіңізше бағалай аласыз.

    • Дайын ұсынымдар: сауалнаманы толтыру қорытындысы бойынша жүйе сіздің объектіңіздің қолжетімділігін жақсарту жөнінде қадамдық нұсқаулықтарды қалыптастырады.
    • Репутациялық өсім (беделдің артуы): кедергісіз орта құру жаңа клиенттерді тартады және бизнесіңіздің жоғары әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді.

    Толтыру уақыты: шамамен 10 минут.

    🔗 Сауалнамадан қазір өту: https://inva.gov.kz/assessment/general-info/results

    Қазақстанның әрбір азаматы үшін қолжетімді әрі жайлы орта құруға өз үлесіңізді қосыңыз!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары