ҚАУІПСІЗ ШОМЫЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

    ҚАУІПСІЗ ШОМЫЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

    🔹 Жазғы шомылу маусымында тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Ордабасы ауданындағы су айдындарында кешенді зерделеу жұмыстары жүргізілді.
    🔹Аталған жұмыстарға аудандық прокуратура, арнайы құрылған жұмысшы топ мүшелері және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы қатысты. Мамандар арнайы техникалар мен құралдардың көмегімен су айдындарының түбін тексеріп, шомылуға қауіп төндіруі мүмкін учаскелерді анықтады.
    🔹Зерделеу нәтижесінде тұрғындардың қауіпсіз демалысына қолайлы орындар белгіленіп, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы тиісті шаралар айқындалды.
    🔹Бұл жұмыстардың басты мақсаты – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
    🔹Осыған байланысты аудан тұрғындарын тек рұқсат етілген әрі қауіпсіздігі тексерілген орындарда ғана шомылуға шақырамыз!!
    Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары