
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірімізге инвестиция тарту және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту – негізгі басымдықтардың бірі. Біз халықаралық деңгейдегі серіктестермен бірлесіп жаңа өндірістерді іске қосуға, жұмыс орындарын құруға және экономиканы әртараптандыруға мүдделіміз, – деді облыс әкімі Н.Көшеров.





