Цифрлық технологиялар әлеміне алғашқы қадамыңды жаса!

    1 / 3

    Zhambyl Hub алаңында бағдарламалау, жасанды интеллект және заманауи цифрлық шешімдерді әзірлеуге бағытталған практикалық воркшоптар сериясы өтті.

    Қатысушылар үш негізгі бағыт бойынша білім алып, цифрлық жобаларды әзірлеудің кезеңдерімен танысты.

    Prompt Magic: Vibecoding воркшопында промпт жазу негіздерін меңгеріп, жасанды интеллект көмегімен код құрастыруды үйренді.

    «Визуалды және логикалық» бөлімінде AI құралдарын пайдалана отырып, дизайн әзірлеу және интерактивті прототиптер жасау дағдыларын жетілдірді.

    Ал «Соңғы басқышы: Деректер» воркшопында деректер мен пайдаланушылар туралы ақпаратты сақтау, сондай-ақ дайын жобаны өндіріске енгізу жолдары қарастырылды.

    Воркшоптардың басты мақсаты – қатысушылардың практикалық дағдыларын дамыту, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға үйрету және өз идеяларын нақты цифрлық жобаларға айналдыруға мүмкіндік беру.

    Іс-шаралар Жамбыл облысы әкімдігінің Цифрландыру және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Талас ауданының әкімдігі" жаңалықтары