Ұлытау ауданының жас дзюдошылары ашық біріншілікте алты медаль жеңіп алды

    1 / 5

    Жезқазған қаласында дзюдодан өткен қалалық ашық біріншілікте Ұлытау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері екі алтын, бір күміс және үш қола медаль иеленді, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Жарыс 2013-2014 және 2016-2017 жылдары туған кіші жасөспірімдер, сондай-ақ 2014-2016 жылдары туған қыздар арасында ұйымдастырылды.

    Біріншілік қорытындысы бойынша 21 келі салмақ дәрежесінде Серғазы Асылмұрат пен 24 келі салмақта Төлеген Аслан алтын медаль жеңіп алды. Ал 24 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Аманжол Жантөре күміс жүлдегер атанды.

    Қыздар арасында 22 келі салмақта өнер көрсеткен Әбдірасулла Жауқазын, сондай-ақ 21 келі салмақ дәрежесінде белдескен Марат Аслан мен Арыстамбай Арсен қола медаль иеленді.

    Жас спортшылардың бұл жетістігі – олардың табанды еңбегі мен жаттықтырушыларының жүйелі даярлығының нәтижесі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары