🎭 АҚТӨБЕДЕ ЖАҢА МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА
Ақтөбе қаласының мәдени келбетін жаңа деңгейге көтеретін зәулім музыкалық-драма театры ғимаратының құрылысы қызу жүріп жатыр. Жоба бойынша нысанның жалпы ауданы 19 699,4 шаршы метрді құрайды, ал кең әрі жайлы көрермен залы 700 орынға есептелген. Үш қабатты негізгі ғимарат пен бір жерасты қабатынан тұратын бұл кешенде бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 50 пайызы сәтті орындалды.
Заманауи сәулеттік талаптарға сай бой көтеріп жатқан мәдениет ошағында әртістердің шығармашылықпен еркін айналысуына және көрермендердің рухани демалуына барлық жағдай жасалмақ. Құрылыс барысы жауапты мамандардың тұрақты бақылауында және жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Алдағы уақытта бұл ғимарат өңіріміздің сәнін келтіріп, тұрғындар мен қонақтар сүйіп баратын ең көрікті рухани ордаға айналмақ!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








