Мен, Сейльханова Роза Шакировна, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының бас маманымын.
Мемлекеттік кірістер органдары жүйесіндегі еңбек жолымды 1995 жылы Таврия аудандық салық инспекциясында бастадым.
1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық департаментте қызмет атқарып келемін. Осы жылдар ішінде жетекші салық инспекторынан бастап, өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысына дейінгі еңбек жолынан өттім.
Мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде 30 жылдан астам уақыт еңбек ете отырып, Салық қызметінің соңғы үш онжылдықта елеулі өзгерістерге ұшырағанының куәсі болдым. Бүгінде ол салықтық әкімшілендіруді, талдауды, бақылауды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтитын күрделі цифрлық жүйеге айналды.
Бүгінгі таңдағы менің негізгі жұмысым – салық төлеушілерге Салық кодексі нормаларын қолдану мәселелері бойынша көмек көрсету. Атап айтқанда, 1414 бірыңғай қолдау қызметінің «Кеңес» жүйесі арқылы келіп түсетін сұрақтарға жауап беру. Біз, Байланыс орталығының операторлары, Қазақстан Республикасының барлық өңіріндегі салық төлеушілерге консультациялық көмек көрсетеміз.
Әрбір Байланыс орталығының операторы күніне 100-ден астам қоңырау қабылдайды. Бұл жұмыс Салық кодексін терең білуді ғана емес, сонымен қатар күйзеліске төзімділікті, сауатты сөйлеуді, ақпаратты жылдам саралай білуді және азаматтардың әртүрлі санаттарымен ортақ тіл табыса алуды талап етеді.
Мен үшін Байланыс орталығының операторы болып жұмыс істеу – кәсіби жауапкершіліктің жаңа деңгейі, жинақталған тәжірибемді халықпен және бизнес субъектілерімен тікелей қарым-қатынаста қолдану, сондай-ақ стандартты емес мәселелерді жедел шешу қабілетімді шыңдау мүмкіндігі.
Ұлттық валюта күні қарсаңында барша әріптестерімді Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенім және қаржылық молшылық тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым лайықты нәтижелерге жеткізіп, әр шаңырақта бейбітшілік, келісім мен береке-бірлік орнасын!
Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер!
Толық құттықтауды мына сілтеме арқылы көруге болады — https://www.instagram.com/reel/DfnCQ3jIREi/?utm_source=ig_web_copy_link&obrf=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







