2026 жылғы 13 қараша күні Бастөбе ауылында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауын түсіндіру мақсатында студенттермен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Жолдауда көтерілген негізгі бағыттар мен басым міндеттер кеңінен талқыланды. Студенттерге еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру саласы, жастарды қолдау және алдағы кезеңге арналған маңызды міндеттер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың Жолдауда белгіленген міндеттер туралы түсінігін кеңейтіп, ел дамуына қатысты бастамаларға деген қызығушылығын арттыру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









