Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлының Нәдрізбек ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.

    1 / 5

    Бүгін 2026 жылғы 11 қараша күні, Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлының Нәдрізбек ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.

    Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасалып, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Әсіресе, арық суы мен көше жарығы мәселелері көтеріліп, оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасу болды.

    Бұл ашық кездесу тұрғындардың пікірін ескеріп, ортақ мәселелерді бірлесе шешуге бағытталған маңызды қадам болды.

    Белсенділік танытқан барша тұрғындарға алғысымызды білдіреміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары