1 / 5
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданы тұрғындарымен кездесуінен кейін жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Атап айтқанда, стадион мен балалар ойын алаңшасын салу, ауыз су тапшылығын шешу жөнінде ұсыныстар айтып, көмек сұрады.
Сонымен қатар жер дауына қатысты шағымдар көтерілді. Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жобасына жеңілдетілген несие алу және «Күміс алқа» наградасын алу мәселелері де назарға ұсынылды.
Өңір басшысы тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша заң аясында түсініктемелер берді. Бірқатар өтініш бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді. Қалған мәселелерге қатысты азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындардың өтініштері облыс әкімінің бақылауына алынды.
Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес жеке қабылдауларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Жеке қабылдауға жазылу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі ұйымдастырады.
Азаматтар қабылдауға egov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай базасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына барып, жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








