«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қажымұқан ауылдық округіне қарасты Боралдай ауылында қоғамдық орындардың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сенбілік және рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес ауыл аумағын абаттандыру қағидаларын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау және қоғамдық орындардың тазалығын бұзбау жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейдтік іс-шара нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 2 тұрғынға ескерту берілді.
🌱 Тазалық – ортақ міндет! Қоршаған ортаны қорғау және ауыл тазалығын сақтау – әрбір азаматтың жауапкершілігі!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








