Түркістан облысында қуаты 72 МВт болатын су электр станцияларының каскады бар су құбыры салынады
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «South Hydro Power» ЖШС Түркістан облысында бірнеше елді мекенді сумен қамтамасыз ететін топтық су құбырын және оған байланысты су электр станцияларының каскадын салу жөніндегі келісімге қол қойды.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Түркістан облысының Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы 1 миллионнан астам тұрғын сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Ал гидроэлектростанциялар каскады жылына 72 МВт көлемінде «жасыл» электр энергиясын өндіру есебінен өңірдің энергия тапшылығын төмендетуге ықпал етеді.
Келісімде нысанды тиімді пайдалану үшін қажетті су тұтыну көлемі белгіленіп, жобаның инвестициялық кезеңі мен пайдалану мерзімдері айқындалған. Сонымен қатар ұзындығы 54,7 шақырым болатын магистральдық су құбырын кейіннен мемлекет меншігіне өтеусіз беру көзделген.
Салынуы жоспарланған топтық су құбыры мен су электр станцияларының каскады Қазақстан Республикасының стратегиялық су нысандары тізіміне енгізілген. Құрылыс барысында отандық өнімдердің үлесі 90 пайызды құрайды.
«Бүгін біз маңызды стратегиялық құжатқа қол қойдық. Бұл жобаны іске асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және Түркістан облысының дамуына елеулі үлес қосады. Қосымша энергетикалық қуат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын экологияға зиян келтірмей, тиімді орындауға мүмкіндік береді»,
- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Президент Жолдауын іске асыру
1 / 3
Ұқсас материалдар

Қазақстанда атаулы әлеуметтік қолдау тетіктері жетілдіріледі
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіАшу
Менингококк инфекциясы: не білу керек және қалай қорғануға болады
"Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты" ММАшу
АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ДРОППЕРЛІК ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Қызылша
"Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты" ММАшу
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру тәртібі
Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДА АТАЛҒАН МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШИКІЗАТТАН ДАЙЫН ӨНІМГЕ ДЕЙІНГІ ӨНДІРІС ЖҮЙЕСІ ҚАЛЫПТАСУДА
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА 90 ШАҚЫРЫМ АУМАҚ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Жасанды интеллект – балабақшадағы заманауи көмекші
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰН ЖӘНЕ МАЙ ӨНДІРЕТІН АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу