РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

    1 / 12

    25 қазан – Республика күніне орай Меркі аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті.

    Мерекелік жиын еліміздің тарихын бейнелейтін театрландырылған композициямен басталып, «Қазақ рухы» атты музыкалық-хореографиялық қойылыммен жалғасты.

    Салтанатты шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов қатысып, меркіліктерді ұлттық мерекемен құттықтады. Аудан әкімі өз сөзінде Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін ерекше атап өтті.

    Мерекелік жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, түрлі салалардың өркендеуіне үлес қосқан азаматтар марапатталды.

    Атап айтқанда, бірқатар азаматтарға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Ауданға сіңірген еңбегі үшін», «Салалық кәсіподаққа 30 жыл» төсбелгілері, Жамбыл облысы әкімінің және аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

    Салтанатты бөлімнен кейін көрермен назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахна төрінде елімізге танымал Меркіден шыққан өнер жұлдыздары мен жергілікті әншілер, аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, әсем әндері мен әсерлі қойылымдары арқылы көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Осылайша, елдігімізді ұлықтаған ұлттық мереке Меркі төрінде салтанатты жағдайда аталып өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Меркі ауданының әкімдігі" жаңалықтары