МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 5

    Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Нарікбаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет саласына қатысты түсіндіру жиыны өтті.

    Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас мамандары Жарқын Тамаев пен Бегзат Әбдіхалық қатысты.

    Кездесу барысында департамент өкілдері мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары мен оларды сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің өз қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруының маңыздылығына назар аударылды.

    Жиын барысында қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.

    Кеңес соңында аудан әкімі аппаратының басшысы департамент өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пайдалы ақпаратпен бөліскені үшін алғыс білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Меркі ауданының әкімдігі" жаңалықтары