Қазақстан мен Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады

    1 / 2

    22 қазанда Брюссельде (Бельгия) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова бастаған қазақстандық делегация Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросының (OLAF) басшысы Петр Клементпен кездесті.

    Кездесу қазақстандық құс мамығы мен қауырсыны, сондай-ақ жануарлық немесе өсімдік тегіндегі майларды Еуропалық одақ нарығына жеткізуге қатысты OLAF-тың тексерулерді бастауы аясында өтті.

    Кездесуде OLAF өкілдері тергеп-тексерулердің барысы туралы ақпарат берді. Қазақстандық тарап, өз кезегінде, аталған өнімді өндіруші қазақстандық кәсіпкерлер, жүзеге асырылып жатқан өндірістік бағдарламалар және кәсіпорындардың Еуропалық одақ нарығына экспортты жалғастыруға мүдделілігі туралы мәліметті жеткізді. Тергеп-тексерулердің ағымдағы кезеңінде OLAF өкілдерімен өткен кездесу қазақстандық тараптың позициясын еуропалық серіктестерге жеткізуге мүмкіндік берді.

    Бұдан бөлек, тараптар адал қазақстандық экспорттаушылардың Еуропалық одақ нарығына кедергісіз кіруін қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Сонымен, қазақстандық делегация сыртқы сауда операцияларының ашықтығын қамтамасыз етуге және Еуропалық одақ заңнамасының талаптарын сақтауға өз бейілділігін растады.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын арада қажетті ақпарат алмасуға және сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты. Қазақстандық тарап сондай-ақ OLAF өкілдерін Қазақстан Республикасына келіп, жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде кәсіпорындардың қызметімен танысуға шақырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі" жаңалықтары