ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХИ МҰРАСЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КЕҢІСТІГІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

    1 / 4

    Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде көне шаһардың рухани мұрасын заманауи технологиялармен ұштастыру мақсатында «Түркістан – ұлы тарихтың жалғасы» атты жобалар байқауы мен көрмесі өтті.

    Көрмеде суретші Аңсаған Мұстафаның фотожұмыстары мен жас IT маманы Ғасыр Құралбайдың жасанды интеллект көмегімен әзірлеген болашақ Түркістанның көріністері таныстырылды.

    Байқау аясында Түркістан өңірінен шыққан көрнекті тұлғалар – Өзбекәлі Жәнібеков, Бекзат Саттарханов, Райымбек Сейтметов, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов және Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен мұрасын зерделеуге арналған жобалар ұсынылды.

    Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы жастардың ізденісі мен шығармашылық бастамаларына қолдау білдіріп, үздік деп танылған 13 жобаның авторын марапаттады.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары