Каир, 2026 жылғы 21 қазан– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріМұхтар ТілеубердініңМысырға ресми сапары аясында Мысыр Араб Республикасының Премьер-министріМұстафа Мадбулиқабылдады.
Тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықты, саяси, сауда-экономикалық, цифрлық және инвестициялық қатынастарды тереңдетудің кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Келіссөздер барысында тараптар өзара сенім мен бауырластыққа негізделген екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, бірқатар уағдаластықтарды бекітті.
Екі ел азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (Орта дәліз) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Қазақстан астығын Мысыр нарығына тікелей жеткізудің кешенді қолдау тетіктерін іске қосу шараларын талқылады.
Сондай-ақ, энергетика мен экология салаларында Мысырдың «Эль-Дабаа» АЭС құрылысы мен Қазақстанның бейбіт ядролық бағдарламасы аясында уран өндірісі бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын бірлесе ілгерілету мақұлданды.
Кездесу соңында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жедел іске асыру мақсатында ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға келісті.









