Криминалистің бір күні: әрбір деталь маңызды

    1 / 2

    Әрбір ашылған қылмыстың артында әрбір ұсақ-түйекке мән беретін мамандардың қажырлы еңбегі тұрады. Солардың бірі – Жетісу облысы Полиция департаменті Сарқан аудандық полиция бөлімінің аға криминалист-маманы Алмаз Әбілханов.

    Алмаз Сейілханұлы ішкі істер органдарында 2009 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ал 2019 жылдан бастап Сарқан аудандық полиция бөлімінде аға криминалист-маман болып еңбек етуде.

    Криминалистің жұмыс күні көбіне қалыпты кестеге бағынбайды. Қандай да бір оқиға туралы хабарлама түскен сәтте ол дереу оқиға орнына барып, тексеру жүргізеді, іздерді анықтап, тіркейді және заттай дәлелдемелерді жинайды. Мұндай жұмыс жоғары зейінді, мұқияттылықты және кәсіби талаптарды қатаң сақтауды қажет етеді.

    Саусақ іздері, аяқкиімнің іздері мен басқа да ұсақ белгілер оқиғаның мән-жайын анықтауда маңызды рөл атқаруы мүмкін. Сондықтан криминалист әр әрекетін дәл әрі жүйелі орындауы тиіс. Өйткені алғашында елеусіз көрінген іздің өзі тергеу үшін маңызды айғаққа айналуы мүмкін.

    Қызмет еткен жылдары Алмаз Әбілханов мол кәсіби тәжірибе жинақтап, бүгінде қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.

    Криминалистің жұмысы – жауапкершілікті, дәлдікті және өзгелердің көзіне көріне бермейтін іздерді байқай білуді талап ететін қызмет. Өйткені кейде бір ғана деталь оқиғаның толық картинасын қалпына келтіріп, ақиқатты анықтауға жол ашады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары