Республика күні қарсаңында Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясында мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді
Басты ұлттық мереке-Республика күні қарсаңында дана Борашқызы Мұхамеджанованың
Басты ұлттық мереке-Республика күні қарсаңында дана Борашқызы Мұхамеджанованың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулерді, мінез-құлық нормаларын және қызметтік әдепті сақтауы мәселелері қаралды.
Жұмыс мәселелерін талқылағаннан кейін Кеңес Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты бөліммен жалғасты. Комиссия төрағасы Дана Борашқызы ұжымды құттықтап, күннің тарихи маңыздылығын атап өтті
25 қазанда қазақстандық мемлекеттілікті нығайту үшін қызметкерлердің өңірді дамытуға қосқан зор үлесін атап өтіп, әріптестеріне бейбітшілік, денсаулық және тұрақтылық тіледі.
Кеңес соңында ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Мінсіз мемлекеттік қызметі, жоғары кәсіби шеберлігі және тиімді жұмысы үшін комиссияның бірқатар қызметкерлері ҚР жоғары аудиторлық палатасының ведомстволық медальдарымен және ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.






