Республика күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті

    1 / 2

    Республика күні қарсаңында қала активінің, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

    Жоғары кәсібилігі, адал еңбегі және қала мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін түрлі сала өкілдері облыс әкімі мен қала әкімінің грамоталарымен марапатталды.

    Әрбір жетістіктің артында қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп, инфрақұрылымын дамытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосып жүрген жандардың күнделікті еңбегі тұр. Барлық марапат иелеріне өз ісіне адалдығы мен жұмысына жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдірілді.

    Сонымен қатар қала әкімдігінің қолдауымен «Наш Костанай» газетінің бастамасымен ұйымдастырылған «Народное качество» байқауының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздарды тұрғындардың өздері анықтап, сенім артатын кәсіпорындар мен өндірушілерді таңдады.

    Қоғамның мұндай бағасы ерекше құнды.Өйткені ол тұрғындардың пікірін білдіріп, жергілікті бизнестің табысы өнім мен қызмет сапасына, жауапкершілікке және тұтынушыға деген құрметке негізделетінін көрсетеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай қаласының әкімдігі" жаңалықтары