Тараз қаласы Талас шағынауданында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіруге және тұрғындарды құтқаруға кірісті.
Барлау жұмыстары барысында өрт сөндірушілер 6 адамды, оның ішінде 3 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Сонымен қатар баспалдақ арқылы 10 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуацияланды.
Өрттің аумағы 15 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ ескертеді: өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, құтқарушылардың нұсқауларын орындаңыз.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
Жамбыл облысы ТЖД









