2026 жылғы 19–21 қазан күндері Текелі қаласында Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубының қызметкерлері арасында қазақ күресінен облыстық турнир өтті.
Ұлттық спортты дәріптеу және қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа облыстың 8 ауданы мен 2 қаласынан 32 палуан қатысты.
Тартысты белдесулер нәтижесінде Қаратал ауданының намысын қорғаған палуандарымыз жоғары нәтиже көрсетті:
🥇 *74 кг салмақ дәрежесінде* Маралбеков Досхан І орын иеленді.
🥇 *90 кг салмақ дәрежесінде* Нұрғазы Азатбек І орынға ие болды.
🏆 *Жалпы командалық есепте Қаратал ауданы І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды!*
Жеңімпаз әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ауданымыздың мерейін үстем ете беріңіздер!








