Ақтау қаласының әкімі құтқарушыларға құрмет көрсетті

    1 / 8

    Бүгін, 22 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №13 өрт сөндіру бөліміне барды. Қала басшысы бөлімнің жұмысымен танысып, қызметкерлерді 19 қазан – Құтқарушылар күнімен құттықтады.

    Сапар барысында Мақсат Мұқаш өрт сөндірушілердің қызметтік міндеттерін атқаруына жасалған жағдайларды көріп, бөлімнің материалдық-техникалық базасымен, арнайы техникасы және құрал-жабдықтарымен танысты.

    Кездесу барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген өрт сөндірушілердің қызметі ерекше атап өтілді. Кәсіби мерекеге орай бірқатар қызметкерге адал қызметі мен кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындағаны үшін қала әкімінің атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

    Айта кетейік, №13 өрт сөндіру бөлімі 2025 жылғы 21 қарашада жеке құрамның пайдалануына берілді. Бөлімнің жалпы аумағы 712,15 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта мұнда 45 қызметкер еңбек етеді. Бөлімнің теңгерімінде 5 бірлік арнайы техника бар.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары