ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНДА ҚОРЖЫНҒА ТАҒЫ БІР АЛТЫН МЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕ САЛДЫ

    1 / 3
    Түркістандық парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарының алтын медалін жеңіп алды!
    Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетуде.
    Пара дзюдодан J2 санаты бойынша 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Түркістан облысының спортшысы Бексұлтан Құлмырза жарыстың ақтық белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Ким Донхунды жеңіп, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.
    Сонымен бірге Бағланбек Оңалбек V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды. Пара дзюдодан J1 санаты бойынша +95 келіде сынға түскен Бағлан сенімді ақтай білді.
    Бұл – отандық параспорт үшін зор жетістік әрі Түркістан облысы спортының мерейін асқақтатқан жеңіс.
    Айта кетейік, V Азия Пара ойындары 18-24 қазан аралығында өтуде. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы 150 параспортшы спорттың 12 түрінен бақ сынап жатыр.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары