Елордалық балабақшаның бүлдіршіндері «Атамекен» әнін орындап, челленджді өзге қалаларға жолдады

    1 / 4

    Астана қаласындағы №99 «Бүлдіршін» балабақшасының педагогтері мен тәрбиеленушілері Республика күніне орай «Атамекен» әнін орындап, патриоттық челленджді еліміздің өзге қалаларындағы балабақшаларға жолдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Игі бастаманың мақсаты – Өскелең ұрпақтың жүрегіне отансүйгіштік сезімін ұялатып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

    Былтыр ғана ашылған балабақша бүгінде 300 бүлдіршінді тәрбиелеп отыр. Мұнда 30 педагог еңбек етеді. Балалардың жан-жақты дамуына арналған заманауи кабинеттер, робототехнология кеңістігі, кітапхана, спорт және акт залдары бар.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары