Аралқұм ауылдық округіне жас маман дәрігер тағайындалды

    1 / 3

    Аралқұм ауылдық округіне жас маман дәрігер тағайындалды

    2026 жылғы 20 қазанда Аралқұм ауылдық округіндегі Аралқұм дәрігерлік амбулаториясына жаңадан қабылданған жас маман Әзімов Әлихан Сәбитұлы ауыл тұрғындарына таныстырылды.

    Әзімов Әлихан Сәбитұлы 2000 жылғы 1 қыркүйекте дүниеге келген. 2015–2019 жылдары Қызылорда медициналық жоғары колледжінде фельдшер мамандығы бойынша білім алған. 2019–2026 жылдары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығын меңгерген.

    Жас маманды ауыл ақсақалдарына таныстыру барысында ақсақалдар ақ баталарын беріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау жолындағы еңбегіне табыс, кәсіби қызметіне абырой мен жетістік тілек етті.

    Жас маманның ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетіп, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосатынына сенім білдіреміз. Әлихан Сәбитұлына жауапты қызметінде табыс тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Аралқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары