5 қазан – Республика күніне орай Железин ауданында оқушылар арасында «Елім менің» аудандық поэтикалық байқауы ұйымдастырылды. Шығармашылық сайыс жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, ұлттық рухты нығайтуға және көркемсөз оқу шеберлігін дамытуға бағытталды.
Байқауға қатысқан оқушылар Отанға, туған жерге және ел тарихына арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, өздерінің өнері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Қатысушылардың өнерін бағалаған қазылар алқасы үздік орындаушыларды анықтап, жүлделі орындар мен арнайы номинациялар бойынша марапаттады.
Байқаудың Бас жүлдесін Озерный негізгі жалпы білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Сабырбек Даяна иеленді.
І орынға Башмашын жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Есенгелді Ақселеу мен Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Ермахан Нұрбол лайық деп танылды. Сонымен қатар байқауда ерекше көзге түскен оқушылар ІІ, ІІІ орындарға және арнайы номинацияларға ие болды.
«Елім менің» поэтикалық байқауы жас таланттардың шығармашылық әлеуетін шыңдап қана қоймай, олардың туған елге деген сүйіспеншілігін өлең арқылы жеткізуіне мүмкіндік берді. Осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, елжандылық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жас дарындардың өнеріне қолдау көрсетіп жүрген ұстаздар мен жетекшілерге алғыс білдіреміз!
Елін сүйген ұрпақтың рухы биік, болашағы жарқын!
ЖАС ЖҮРЕКТЕРДЕН ШЫҚҚАН ОТАН ТУРАЛЫ ЖЫР
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 3
Ұқсас материалдар

Мүгедектік мерзімін белгілеу кезінде не ескеріледі?
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІАшу
ТМД азаматтарының құқықтарына кепілдіктер туралы келісім шеңберіндегі ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру құқығы.
ЕӘҚК Алматы қаласы бойынша департаментіАшу
Қазақстан мен CNPC мұнай-газ саласындағы технологиялық ынтымақтастықты нығайтуда
ҚР ЭМАшу
Бородулиха ауданында Достық үйі күрделі жөндеуден өтіп, аллея абаттандырылды
Абай облысының әкімдігіАшу
Қазақстан өңірлері мен Ганьсу өлкесі арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Қазақстан Республикасының Сиань қ. Бас консулдығыАшу
"Павлодар облысы білім беру басқармасының «Железин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары

Басшыны тағайындау туралы
Железин ауданының білім беру бөліміАшу
Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісінің иегері
Железин ауданының білім беру бөліміАшу
«Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылардың IX республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңі
Железин ауданының білім беру бөліміАшу
Болашақ Отан қорғаушылар: Железин ауданы оқушылары әскери бөлімде
Железин ауданының білім беру бөліміАшу
Білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру мониторингі
Железин ауданының білім беру бөліміАшу