ОБЛЫС ӘКІМІ САРЫАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

    1 / 4

    Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда азаматтардың өтініштері тыңдалып, бірқатар мәселе бойынша нақты шешімдер қабылданды.

    Жеке қабылдауға келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, тұрғын үй, әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өтініштерін айтты.

    Облыс әкімі әрбір азаматтың мәселесіне мұқият назар аударып, жауапты басқармалар мен сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар өтініштерді заң аясында қарап, олардың орындалуын бақылауға алды.

    Қабылдау барысында кейбір мәселелер сол мезетте шешімін тапты. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.

    Нұралхан Оралбайұлы тұрғындар көтерген әрбір мәселе назарда болуы тиіс екенін айтып, түйткілдер заң аясында шешімін табатынын жеткізді.

    Жалпы, жеке қабылдауға 40-тан астам азамат келіп, кездесу мен жеке қабылдау 5,5 сағатқа созылды. Барлық тұрғынның өтініші тыңдалып, қабылдау қас қарайғанша созылды.

    Тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету, көтерілген мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету және азаматтармен ашық диалог орнату – облыс басшылығының басты назарындағы бағыттардың бірі.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары