3 000- ағаш отырғызылды

    1 / 5

    Мемлекеттік сот орындаушыларының «Астана қаласы Әділет департаментінің Мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау аумақтық бөлімі» атқарушылық құжаттарды орындау аясында атқарушылық іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде шамамен 3 000- ағаш отырғызылды. Бұл шара елордадағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
    Осы бастама аясында ағаштар Алаш тас жолы аумағында, сондай-ақ Астана қаласы Абылайхан даңғылында отырғызылды. Ағаш отырғызу қоршаған ортаны қорғауға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға маңызды үлес қосады.
    Сондай-ақ, бұл шара қаланың және бүкіл планетаның экологиясын жақсартуға көмектеседі. Сонықтан ағаш отырғызу – табиғатқа және қаламыздың болашағына деген қамқорлықтың қарапайым әрі тиімді жолы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары