Қостанай облысында 2026 жылғы вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз ету бойынша іркілістер мен ауыл шаруашылығына қажетті су тапшылығы болған жоқ. Бұл туралы брифингте «Қазсушар» РМК Қостанай филиалы директорының міндетін атқарушы Сәкен Қоқышев мәлімдеді. Суару жұмыстарына 20,3 млн текше метр су беріліп, су пайдалануға шарт жасасқан 64 тұтынушының барлығы сумен қамтамасыз етілді. Жалпы суармалы жер көлемі 6,5 мың гектардан асты.
«Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясы» РММ басшысы Алмат Абжановтың айтуынша, өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған арнайы су пайдалануға 109 рұқсат берілген. Сонымен қатар 7,2 мың гектардан астам алқапта су үнемдеу технологиялары қолданылды.
«Қазгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Әділ Ахметовтің хабарлауынша, гидрометеорологиялық мониторинг жаз айларында ауа температурасының жоғары болғанын, ал шілде мен тамызда жауын-шашынның жеткіліксіз түскенін көрсетті. Қазіргі уақытта өзендердегі су деңгейін бақылау жұмыстары жалғасуда.
Бүгінде көпжылдық реттеу режиміндегі су қоймалары 70 пайызға толған. Оларда 981,3 млн текше метр су жиналған. Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері тиісті қызметтердің басым бағыттарының қатарында қалып отыр.
Қостанай облысында вегетациялық кезең су тапшылығынсыз өтті
Ұқсас материалдар

ГАЗ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қостанай қаласының әкімдігіАшу
Қоқысты кез келген жерге тастауға болмайды! Заңды біле жүрейік!
ҚР ЭТРМАшу
Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Семей қаласының әкімдігіАшу
ҚАУІПСІЗ ҚЫС – ОРТАҚ МІНДЕТ: АУЫЛ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіАшу
🇰🇿 ҚАЗАҚСТАНДА 56 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСШЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіАшу
"Қостанай облысы Жітіқара ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары

EGOV MOBILE қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалау калькуляторы іске қосылды
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Степный ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Қостанай облысында жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілуде
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Степный ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
«Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегудің алдын алу»
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Степный ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Меншікті қорғау — болашаққа деген сенімнің негізі
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Степный ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Нашақорлыққа жол жоқ
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Степный ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу