Қоғамдық талқылаулардың өткізілмегендігі туралы хабарлама
Құрметті аудан тұрғындары!
«Сарыағаш» газетінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 37 (12077) санында төмендегі қала, елді мекендер мен кенттің бас жоспарларына өзгерістер енгізу және даму-құрылыс салу схемасын әзірлеу жобалары бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарландыру жарияланған болатын:
«Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласының бас жоспары». Түзету;
- «Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ ауылының бас жоспары». Түзету;
- «Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округі, Дарбаза ауылының бас жоспары». Түзету;
- «Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылының бас жоспары». Түзету;
- «Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Көктерек кентінің даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)».
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 бұйрығының 24-тармағына сәйкес, қоғамдық талқылаулар тіркелген және оларға кемінде 50 жеке және заңды тұлға қатысқан жағдайда өткізілген болып есептеледі. Алайда, жоғарыда аталған жобалар бойынша қоғамдық талқылауларға қатысу үшін қажетті жеке және заңды тұлғалардың ең төменгі саны қамтамасыз етілмегендіктен, қоғамдық талқылаулар өткізілмеген болып есептелетінін хабарлаймыз.









